Белоградов орта мектебінде «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Құқықтар мен міндеттер» тақырыбында мектеп парламентінің отырысы өтті.
Отырыс барысында оқушылардың құқықтары мен міндеттері кеңінен талқыланып, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы мен құндылығы туралы пікір алмасу жүргізілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, құқықтық сауаттылықты арттырудың қажеттілігін атап өтті.





